18 ақпан 2018
Мақсаттары мен міндеттері
Мақсаты:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде мемлекеттік саясаттың орындалысына атсалысу;
- Білім беру саласында әдістемелік қызметті жүзеге асыру, педагог қызметкерлер мен оқушылардың білімділік және біліктілік деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстарға басшылық жасау, үйлестіру.
Міндеттері:
- Педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік шеберлігін ұштай түсу үшін ғылыми – әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, ақпараттандыру шараларын жүзеге асыру, педагогтерді білім беру жүйесінің жаңа элементтеріне бейімдеу;
- Оқыту мен тәрбиелеу процестерінің жаңа педагогикалық технологияларын педагогтердің күнделікті жұмысында қолдануын қамтамасыз ету;
- Мұғалім шеберлігін шыңдау және оқушы біліктілігін арттыру мақсатында байқаулар мен сайыстар өткізу;
- Жоспарлы іс - шаралардың өткізілуіне ғылыми – әдістемелік басшылық жасап отыру;
- Педагогтер, ата – аналар мен оқушылар еңбегін диагностикалық зерттеу мен талдаудың жүйелі түрлерін іздестіру;
- Озат педагогикалық тәжірибе мен зерделеу жұмыстарының қорытындыларының оқу орындары арасында уақытында таратылуын қамтамасыз ету;
- Педагог пен оқушының ғылыми – ізденісін жүзеге асыруға әдістемелік көмек көрсету, басшылық жасау.
- Білім беру процесінде мұғалім еңбегінің нәтижесі мен теориялық, кәсіптік ғылыми білім жетілдіру мониторингін жасақтап, жүзеге асуын қадағалап отыру;
- Педагог қызметкерлерге жұмыс барысында туындаған қиындықтар мен проблемаларын реттеуге әдістемелік көмек көрсетуді ұйымдастыру.