0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық жазушысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның халық
жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық
мерейтойы қарсаңында Ақтау қаласындағы 29 жалпы білім беру мектебіне
ақын апамыздың есімі берілді. Саналы ғұмырын өлеңге арнап, "Жыр - менің
жалғыз тарланым", "Жыр - менің планетам", "Өлең, мен сені аялап өтем!"
деп жырлаған ақиық ақынның есімі қаламыздағы білім ұйымына берілуі үлкен
мақтаныш әрі жауапкершілік.
Білім ұйымына ақын Фариза
Оңғарсынованың есімі берілуіне орай арнайы іс-шаралар жоспары
жасақталып, онкүндік өтті. Онкүндік Ф.Оңғарсынованың өлеңдерін оқу
эстафетасымен басталып, түрлі бағыттағы іс-шаралармен жалғасын тапты.
Мектеп директоры Ізтұрғанова Жайна Аманжанқызы бастаған жыр эстафетасы
қазіргі таңда Маңғыстау облысы бойынша жыр сүйер жұртшылық арасында өз
жалғасын табуда.
Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрында,
Атырау қаласында өткен республикалық фестивальда II орынды иеленген
"Фариза мен Мұқағали" поэтикалық драмасын тамашалау да осы жоспар
аясында ұйымдастырылды.
5 - желтоқсан күні "Өлең, мен сені аялап
өтем!" тақырыбында әдеби-сазды жыр кеші ұйымдастырылды. Кеште мектеп
оқушылары ақынның Отан, туған жер, өмір, дала, сезім т.б.
тақырыптардағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақын өлеңдерінің сөзіне жазылған
әндер шырқады.
Кеш қонақтары Фариза Оңғарсынованың жиен келіні
Лайық Тайпақова, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының
мүшесі Рахат Қосбармақов, ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Шынар Түйешиева, айтыскер ақын, «Жыр - жебе» жас ақындар клубының
жетекшісі Фархад Мұсаев болды. Қонақтар жылы лебіздерін білдіріп,
мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік тіледі.
8-11 сынып оқушылары
арасында гір тасын көтеруден Фариза Оңғарсынова атындағы ауыспалы
кубогі ойнатылып, бұл сайыстың үздіктері деп танылған 8-сынып оқушылары
ауыспалы кубокты өз қанжығасына байлады.
Мектептің жас қылқалам
шеберлері Фариза Оңғарсынова өлеңдерінің сюжетін арқау ете отырып,
ақынның алуан түрлі тақырыптағы өлеңдерін қылқаламмен кескіндеді.
"Жетімхана", "Ананы аңсау", "Құм.Нарын", "Теңіз аласапыран", "Келеді түн
еркелеп", "Қыз сыры", "Ақжайық", " Қанат туралы хикая", т.б. өлеңдері
желісімен салынған суреттер ақын өлеңдерінің сыршыл да нәзік, алапат
толқынысын аша түсумен қатар, шәкірттердің шабытын шыңдады. Сонымен
қатар ақын апамыздың шығармашылығындағы Маңғыстау өлкесінің көрініс
табуы да ерекше назарға алынып, оқушылар ақын шығармаларын
зерттеп-зерделеп, эссе жазды. Эссе жазу байқауы қорытындыланып,
тақырыпты ерекше аша білген оқушылар марапатталды.
Өткізілген
онкүндік салтанатты шарамен қорытыланды. Салтанатты шараның арнайы
бағдарламасына сәйкес алғашында ақынға арналған мемориалдық тақтаның
ашылу салтанаты өтті, содан соң қадірменді қонақтар Фариза
Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығына арналып арнайы жасақталған
кабинетімен танысты. Келесі сәтте қонақтар назарына мектеп акт залында
өткен «Жыр - менің жалғыз тарланым» тақырыбындағы әдеби-сазды кеш
ұсынылды. Кеште Фариза Оңғарсынованың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне
жазылған әндер шырқалды, апамыздың замандасы, досы, Маңғыстаудың
марғасқа ұлы Әбіш Кекілбайұлымен сырласу сәті сахналандырылды.
Поэзияда да, прозада да тұяғы мұқалмаған хас дүлділдің поэзиясы - шың,
прозасы - сол шыңды тіреп тұрған шоқылар іспетті. Шәкірттерінің осы
биіктен көрінгенін қалайтын білім ордасы ақын шығармаларын оқу мен
насихаттауды әлі де жалғастыра береді.
Постановлением
правительства Республики Казахстан в канун 80-летия народной
писательницы, поэта и общественного деятеля Казахстана Фаризы
Онгарсыновой общеобразовательной средней школы №29 присвоено имя
поэта. Является большой гордостью и ответственностью для города то, что
имя великого писателя будет носить именно общая средняя школа №29,
который написал такие произведения как «Мое сердце-моя единственная
судьба», «Мое сердце-моя планета», «Поэзия, я люблю тебя». Для школы
имени поэта Фаризы Онгарсыновой подготовлен специальный план действий и в
соответсвии с планом прошло десять дней. Декада посвящённая
Ф.Онгарсыновой началась с репертуара выразительного чтения и
продолжилась различными мероприятиями. В настоящее время в Мангистауской
области проходит эстафета любителей поэзии под руководством директора
школы Изтургановой Жайной Аманжановной. Также в рамках этого плана в
Мангыстауском областном музыкально-драматическом театре была
организована поэтическая драма «Фариза и Мукагали» , которая заняла
второе место на республиканском фестивале в Атырау.
5 декабря на тему «Поэзия, я люблю тебя» был организован литературно-музыкальный вечер.
26 қаңтар 2023
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға барушыларға үгіт-насихат жүргізген өкілдерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 24-26 қаңтар аралығында Ақтау қаласындағы №№3,8,29 мектеп базасында өткізілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жоғары оқу орындарына оқуға барушыларға үгіт-насихат жүргізген өкілдерімен өткізілген кездесуге Ақтау қаласы бойынша...26 қаңтар 2023
«Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы өтті
«Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы өтті 2023 жылдың 24-26 қаңтар күндері аралығында «Маңғыстау Арена» базасында Ақтау қаласы білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің арасында футзалдан 9-11 сынып қыздарының қатысуымен «Теңбіл доп» мектеп лигасы жарысы...26 қаңтар 2023
ШЕБЕРЛЕР ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА
ШЕБЕРЛЕР ЧЕЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА Бүгін, 2023жыл 26 қаңтар күні педагог-зерттеуші "С.Қондыбай атындағы №22 мектеп -гимназиясы" КММ бастауыш сынып мұғалімі Қоңырбаева Нұрғаным Аманқосқызы №19 мектеп -гимназиясының педагог-шебері Сүйесінова Кенжегүл Берішбайқызынан челленджі...26 қаңтар 2023
ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ
ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ Ақтау қаласы бойынша «Оқу әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысып,...25 қаңтар 2023
ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫ ӨТТІ
ТАЛҚЫЛАУ АЛАҢЫ ӨТТІ 2023 жылдың 23 қаңтарында Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу –әдістемелік орталығы» КММ директоры К. Мированың төрағалығымен №№2, 6, 20, 29 жалпы білім беретін мектеп басшылары, оқу-ісі жөніндегі орынбасарларымен талқылау алаңы өтті. Шараның...25 қаңтар 2023
БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТТІ
БАСКЕТБОЛДАН «АЛТЫН ДОП» МЕКТЕП ЛИГАСЫ ӨТТІ 2023 жылдың 23-24 қаңтары аралығында №23 жалпы білім беретін мектептің спорт залында, білім ұйымдары арасында баскетболдан 7-8 сынып ұлдарының қатысуымен «Алтын доп» мектеп лигасы өтті. Лигага қаламыздың мектептерінен 13...25 қаңтар 2023
"Оқушыларды START-UP жобаларға дайындау алгоритмі" тақырыбында онлайн-семинары өтті
Бүгін, 2023 жылдың 25.01 күні Назарбаев Зияткерлік мектебі мен №2 жалпы білім беретін мектептің арасындағы серіктестік негізіндегі жоспар аясында жетекші Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздарының ұйымдастыруымен "Оқушыларды START-UP жобаларға дайындау алгоритмі"...25 қаңтар 2023
«Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық қызығушылықтарын, интеллектуалдық қабілеттерін дамыту құралы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 25 қантарында «№36 “Топотушки” бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК-де «Ойын технологиясы – мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойларын, танымдық...25 қаңтар 2023
«Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті
Бүгін, ағымдағы жылдың 25 қаңтарында №44 «Шаттық» бөбекжайында «Мектеп жасына дейінгі балаларға білім мен тәрбие беруде ойын технологиясын қолданудың тиімділігі» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинарға 37 мектепке дейінгі мекемелерден 39 педагог және...25 қаңтар 2023
ОБЛЫСТЫҚ ҰЛТТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІ 2023 жылдың 25 қаңтары күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №№1, 29 жалпы білім беретін мектептер мен №11 лицейінің дебат клубтарының оқушылары Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысуда. «Дарын» облыстық...
20 қаңтар 2023
2022-2023 оқу жылындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі
Aғымдағы жылдың 20 қаңтары күні 2022-2023 оқу жылындағы 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (қалалық) кезеңі өткізілді. Жалпы білім беру ұйымдары білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық...20 қаңтар 2023
АҚТАУДА “ОҚУШЫ. МЕКТЕП. АТА-АНА” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ
АҚТАУДА “ОҚУШЫ. МЕКТЕП. АТА-АНА” ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ АЛАҢЫ ӨТТІ Бүгін №21 жалпы білім беретін орта мектепте Ақтау қаласы әкімі жанынан құрылған Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен “Оқушы. Мектеп. Ата-ана” тақырыбында сұхбат алаңы өтті. Оған барлық мектептің тәрбие...18 қаңтар 2023
Ақтауда қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді
Ақтауда қалалық әдістемелік семинар-практикум өткізілді Бүгін, 2023 жылдың 18 қаңтар күні Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің Оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта математика пәнінен ойлау тапсырмаларын үйретудің тиімді жолдары» тақырыбында ...16 қаңтар 2023
Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау
Информатика пәнінен оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау Оқушыларды информатика пәні бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау бағытында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибемен алмасу мақсатында Ақтау қаласы бойынша...16 қаңтар 2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» жас ақындар айтысының облыстық кезеңі өткізілді. Оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдыреті мен қуатын жанымен сезініп, айтыскер жас ақындарға әлеуметтік -...13 қаңтар 2023
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» КММ жұмыс жоспарына сәйкес «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында «Информатика пәнінде жаңа технологияларды қолдану» тақырыбында әдістемелік...13 қаңтар 2023
АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ Ақтауда 2023 жылдың жылдық жоспарын бекіту мақсатында “Аналар кеңесінің” мүшелері бас қосты. Кездесуге Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева және кеңес мүшелері қатысты. Кеңес төрағасы Гүлзира...11 қаңтар 2023
«ҰБТ - дағы информатика есептерін шешудің тиімді тәсілдері» облыстық семинар өтті.
«ҰБТ - дағы информатика есептерін шешудің тиімді тәсілдері» облыстық семинар өтті. Оқу-ағарту министрлігі 2022-2023 оқу жылынан бастап жоғары оқу орнына IT бағыты бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін...11 қаңтар 2023
ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ.
ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ. 05.01.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, білім беру...10 қаңтар 2023
БИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨТТІ.
БИОЛОГИЯ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА ӨТТІ. 06.01.2023 жылы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, «Мұхтар Әуезов атындағы №20 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік...10 қаңтар 2023
АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ
СҮЙІНШІ АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ҮЗДІК АТАНДЫ Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Ф.Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Түркияның Стамбул қаласында өткен Халықаралық байқауда топ жарды. Түрік елінің...9 қаңтар 2023
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері онлайн вебинар өткізді. Aқтау қаласы бойынша білім бөлімінің "Оқу -әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 6 қаңтарында ағылшын тілінің білім сапасын арттыру мақсатында...9 қаңтар 2023
ТАҒАЙЫНДАУ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Мирова Күлпан Тойлықызы тағайындалды. Білімі жоғары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік...8 қаңтар 2023