0
КОНКУРС
КОНКУРС
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің қосымша бiлiм беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 3-шағынаудандағы Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқушы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Қосымша
бiлiм беру
Балаларға
арналған қосымша бiлiм беру ұйымының директоры (А1-3)
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін педагогикалық білім, немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, немесе қайта даярлау туралы құжат; сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде педагогикалық еңбек өтілі соңғы 2 жыл, білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
Оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде-қосымша педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдарын ұйымның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады.
Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағ әлеуметтік, қосымша білім беретін коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара әрекетін ұйымдастырады.
Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды.
Шағын аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.
Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде ұйымның білім алушыларының мен қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына қажетті жағдай жасайды.
Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады.
Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады.
Басқару құрылымын анықтайды, білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады.
Педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді.
Оқу-материалдық базаны сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді.
Есептілікті дайындауды және қажетті ұсынуды қамтамасыз етеді.
Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын, балаларға қосымша білім беру ұйымының жұмыс бейіні және оның ерекшеліктері,
Педагогика және психология,
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері,
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормалар.
Лауазымдық жалақысы 153884,2
теңгеден бастап қызмет істеген жылдарына қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен
бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар
тізбесін жинақтап тапсырады:
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2 қабат, 1-кабинеті, тел: 8 (7292) 33-65-54.
7 қараша 2023
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
...24 қазан 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
...26 қыркүйек 2023
Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдың-алу мақсатында 2023-2024 жылына арналған жұмыс жоспары
...8 қыркүйек 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ! 2023-2024 оқу жылындағы Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын өңірдің білім беру жүйесін дамытуға қосқан ерекше еңбектері үшін көтермелеу мақсатында конкурс жарияланады. Конкурс жеңімпаздарына «Маңғыстау...8 қыркүйек 2023
“ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады.
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Білім беру ұйымдарында 7-17 қыркүйек аралығында “ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады. ...8 қыркүйек 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...6 қыркүйек 2023
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У Білім беру ұйымдарында 7-17 қыркүйек аралығында “ҚАУІПСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ” атты онкүндік шаралары ұйымдастырылады. ...25 тамыз 2023
Мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия отырысының хаттамасы
...7 тамыз 2023
Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссиясының ХАТТАМАСЫ №1
...17 шілде 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,...13 шілде 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік...6 маусым 2023
Суда қауіпсіздік ережелері
Суда қауіпсіздік ережелері ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК: • Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз! • Тыйым салынған жерде шомылмаңыз! • Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз! • Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз! • Суда...6 маусым 2023
Құрметті, қала тұрғындары және ата- аналар!
Құрметті, қала тұрғындары және ата- аналар! Балаларды ойын алаңдарында үлкендердің қарауынсыз қалдырмаңыздар. Жолда сақ болыңыздар! Балалардың өмірі біз үшін қымбат! https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1911219039277184&id=100011673206719 ...5 маусым 2023
Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары
Суда жүзу ережелері мен қауіпсіздік шаралары Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын...2 маусым 2023
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
...2 маусым 2023
Ата-аналар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына!
Ата-аналар мен мүдделі ұйымдар өкілдерінің назарына! Маңғыстау облысының білім басқармасы білім саласына қатысты барлық сұрақтар бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларына мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болатынын хабарлайды. ...2 маусым 2023
Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары !
Құрметті ата-аналар және қала тұрғындары ! Бүгін, 02.06.2023 жылы күнінен бастап мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы босаған орындарға жолдама алу «Indigo kz.24» порталы арқылы жариялануда. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы...13 сәуір 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті, облыс педагогтері! Педагогтердің тестілеуді тапсыру үшін 2023 жылғы 15-16 сәуір және 22-25 сәуірді қоса алғанда қосымша күндер ашылатынын хабарлаймыз. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83...16 қаңтар 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары! Ауа райының жылынуына байланысты 2023 жылғы 17 қаңтардан бастап қаланың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары дәстүрлі форматта (оффлайн) оқуды жалғастырады. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарланады. Ақтау қаласы бойынша білім...15 қаңтар 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары! Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы 16-17 қаңтар күндері қаланың барлық білім беру ұйымдарының оқушылары онлайн форматында оқитын болады. Ақтау қаласындағы облыстық мамандандырылған интернаттық мекемелердің оқушылары...21 желтоқсан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті қала тұрғындары және ата-аналар! Білім беру ұйымдарында Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараларды ағымдағы жылғы 27-29 желтоқсан аралығында тек балабақша және мектеп қабырғасында ғана өткізілуі қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу...7 желтоқсан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
ХАБАРЛАНДЫРУ 07.12.2022 жыл Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі...5 желтоқсан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
...8 қараша 2022