0
КОНКУРС
КОНКУРС
Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты келесі жалпы білім беру ұйымының бос тұрған директоры лауазымына конкурс жариялайды: 14-шағынауданда орналасқан Ақтау қалалық әкімдігі, Ақтау қалалық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне
Мектеп директоры (А1-3)
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 1 жыл, бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) кәсіби құзіреттілігінің болуы: педагог-сарапшыға, педагог-зерттеушіге, педагог-шеберге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.
Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.
Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.
Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы", "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Арнайы әлеуметтік қызмет туралы", "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
Республикалық әскери мектеп-интернат, облыстық кадет мектеп-интернаттың бастығы (директорына) қосымша білуге міндетті:
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңын.
Лауазымдық жалақысы 93 263 теңге бастап қызмет
істеген жылдарына қарай.
Конкурсқа қатысуға ықыласы бар үміткерлер конкурс жарияланған күннен
бастап 7 жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар
тізбесін жинақтап тапсырады:
1)білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
15). 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурс өткізу орны: Ақтау қаласы, 4-ш/а, №8/3, 2-кабинеті, тел: 8 (7292) 33-25-29.
19 наурыз 2024
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!
Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз! ...19 наурыз 2024
CALL-ОРТАЛЫҚ
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қатысты сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс телефондарына хабарласуға болатынын қаперлеріңізге береміз! ...5 наурыз 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының кеңес отырысы болады. Күн тәртібінде: Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі ұйымдарына жүргізілген зерделеу қорытындысы; ҰБТ-дің І кезеңінің қорытындысы және дайындық...1 наурыз 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті ата-аналар! Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау науқаны басталады. Құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдау жүзеге асырылады. Осыған орай, қаламыздағы мектептерде “Өзіне-өзі қызмет көрсету” бұрыштары...21 ақпан 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және...2 ақпан 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді. Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен ...29 қаңтар 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
КҮН САНЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ҚОСЫМША ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫСТА 7 КҮН ДЕМАЛАДЫ Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды. 1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша...25 қаңтар 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Педагогтерді марапаттауға қатысты жаңсақ деректерді болдырмау мақсатында Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапаттау "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Үкімет...10 қаңтар 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау облыстық білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің...9 қаңтар 2024
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік...25 желтоқсан 2023
Мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша өткен комиссия отырысының №6 хаттамасы
...15 желтоқсан 2023
Мектепке дейінгі ұйымдарга мемлекеттік білім беру тапсырысың орналастыру бойынша ѳткен комиссия отырысының №5 ХАТТАМАСЫ
...13 желтоқсан 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті ата-аналар!!! Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында және шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Осыған байланысты,...13 желтоқсан 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!!! 14 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл сақталады. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында...12 желтоқсан 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті ата-аналар!!! 13 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, шығысында жолдарда көктайғақ сақталады. Облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, облыстың батысында, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с...11 желтоқсан 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Құрметті ата-аналар!!! Синоптиктердің болжамы бойынша, 12 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с...10 желтоқсан 2023
Маңызды ақпарат
Құрметті ата-аналар!Ауа-райының қолайсыздығына байланысты (түнде көктайғақ күтілуіне орай) ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні білім беру ұйымдарындағы сабақтар қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Оқыту дәстүрлі форматына өту ауа райының...8 желтоқсан 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№21 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығын ( Ескерту. Қағидалар...4 желтоқсан 2023
Қосымша білім беру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурстық комиссияның ХАТТАМАСЫ №2
...22 қараша 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты білім беру ұйымдарында ертең 23 қараша күнгі сабақтар қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі ...22 қараша 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты білім беру ұйымдарындағы 22 қараша күнгі II ауысым сабақтары қашықтан оқыту (онлайн) форматында болатындығын хабарлаймыз. Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі. ...22 қараша 2023
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Құрметті ата-аналар, оқушылар!!! Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін түске дейінгі І кезеңдегі сабақтар онлайн өтетіндігін хабарлаймыз! ІІ кезеңдегі сабақтардың өтілуі туралы қосымша хабарлайтын боламыз. Сынып жетекшілермен байланыста болуларыңызды...17 қараша 2023
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
...7 қараша 2023